Жанар Секербаева: Мәслихатта дауысыңмын!

Секербаева Жанар, Бостандық ауданы бойынша мәслихат депутатына тәуелсіз үміткер, 14-аймақ

Мен — Секербаева Жанар , адам құқығын қорғаушы, белсенді, феминист, әйел құқығы мен гендер мәселесіне сарапшы болғаныма 9 жыл болды.

Жақында Алматы қаласының Бостандық ауданы 14-аймақ бойынша мәслихат депутатына үміткер болдым.

Өзім үшін әр адам тең мүмкіндігі болуы керек, сондықтан әділ қоғам құруға бар күшімді салып жүрмін.

Не бітірдім?

Әйелдерге тыйым салынған мамандықтар тізімін жоюға (“Феминита” тобымен бірге) атсалыстым;

• жыл сайын 8 Наурыз күні белсенді құрбылармен бірге митиң және марш ұйымдастыруға қатысамын;

• елдегі әйел құқығын қорғаушы белсенділерге қолдау берем;

• феминизм тақырыбын талдап, тілшілікті сезімтал және инклюзивті етуге көмек берем;

• мемлекетті басқаруға әйелдер келуі үшін 50-пайыздық квота болуын қоғамдық талқылауға шығарып жүрмін;

• Қазақстандағы гендерлік теңдікке, инклюзия мен әйел құқығына арналған бірқатар семинар ұйымдастырдым;

• тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендерге көмек беретін мемлекеттік емес ұйымдарды қолдап келемін;

• белсенділермен бірге Көк Жайлауды құрылыстан сақтап қалуға қатыстым.

Маслихатқа не үшін барам?

Сіз сияқты төбеден төнген лас ауа, қабаттасқан үй құрылыс, құрылыстағы коррупция, үйсіз жануарға қатігездік көрсетуден шаршадым. Осы сияқты мәселенің еш қайсысын ескерусіз қалдырмаймын.

Шын жүректен қала тұрғынының, студент пен пенсионердің мәселесін шешуге көмектескім келеді. Сізді жақтап, мемлекет басқаруда даусыңызды шығарғым келеді.

Ыңғайлы жолмен маған хабарласыңыз:

Телефонмен +7 701 523 0182

Электрон хатпен zhanarsek@gmail.com

Телеграм арқылы @zhanarsek

ЖАНАР СЕКЕРБАЕВА — МӘСЛИХАТТА ДАУСЫҢМЫН!

  • Share post

Со-основательница Казахстанской феминистской инициативы "Феминита", правозащитница.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *