Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз орталығы «Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз!» петициясын қарау жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті деп хабарлады.
Одан әрі «Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдар өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Ермұрат Бапи, Ринат Заитов, Абзал Құспан, Еділ Жаңбыршин, Қазыбек Иса, арыз иесі Бағила Балтабаева, қоғам қайраткерлері Айнұр Жүгінісова, Мақсұтбек Айтмағанбет, Жанар Секербаева, Гүлзада Сержан, сарапшылар Халида Әжіғұлова, Виктория Примак, БАҚ өкілдері және е-өтініш порталы арқылы жұмыс тобына енуге өтініш білдірген азаматтар кірді.» — деп жазған екен.
Аталмыш петицияны қарау кезінде мына жағдайды ескеруді ұсынамыз:
- ЛГБТ адам неке құра алмайды [1];
- ЛГБТ адам бала асырап алуы мүмкін емес [2];
- ЛГБТ адам жетім балаға тәлімгер бола алмайды [3];
- ЛГБТ адам біз жүргізген әлеуметтік зерттеулерге сүйенсек, білім алу, еңбек ету құқықтары бұзылады, отбасы мен қоғамда қатты қысым көреді, құса болып, өз өміріне қол жұмсауды ойлайды, кейбірі қол жұмсап та жатады [4], [5]. ЛГБТ адамға қарсы жасалған қылмысты құқыққорғау органдары тергемейді, қастастық қылмыс ешқашан сотқа дейін жетпейді.
Петиция талқысының алғашқы отырысында айтылған мәселеге қатысты мынадай мәлімдеме жасаймыз:
- Жұмыс тобының бірнеше мүшесі ұлт ретінде жойылу, ұлттық қауіпсіздік және ұлттық құндылықтан айрылуға қатысты алаңдаушылық білдірді. Ұлт ретінде жойылмау бәрімізге өте маңызды. Дәл қазір бізге көршілес мемлекет Украинада денацификация, яғни ұлтсыздандыру үшін арнайы әскери операция жүргізіп отыр. Ресей билігі мен саясаткерлері украин ұлты жоқ деген пікірде.
Біздің Қазақ ұлтын ұлт ретінде мойындайтын бірден бір ұйым — Біріккен Ұлттар Ұйымы. Бұл ұйымға ұйысқан жүздеген ұлт пен ұлыс бізді ұлт ретінде мойындап отыр. Мемлекеттен жіберген өкіліміз шешім қабылдауға бір дауыспен қатысады, басқа ұлттан барған әр өкіл бір дауыспен қатысады. Әр қайсысы бізді терезесі тең ұлт деп қарайды. Ешбір ұлттық мемлекеттің басшысы не саясаткері, оның ішінде талқылау кезінде аты аталған француз ұлтының өкілі Қазақстанның территоритория тұтастығына, тәуелсіз мемлекет екеніне шәк келтірмейді.
Жалғыз ғана Ресей мемлекеттің басшысы мен бірқатар саясаткері Қазақстанда ұлтшылдық өршіді, мемлекеті болмаған, жері болмаған деген пікірді оқтын-оқтын білдіріп қояды.
- Жұмыс тобының бір мүшесі атап өткен шетел заңын көшіріп алуды доғару керек деген пікірді де қолдаймыз. Расында, батыстағы шетел, яғни Ресейден заң көшіруді тоқтатуымыз керек.
Біріншіден, Ресей “ЛГБТ насихатына” қарсы заңды 2013 жылы қабылдап, ЛГБТ атаулыны қудалағалы он жылдан асты. Дегенмен, биыл ол елдің де жерін су басып, бірнеше ауыл мен қаласы су астында қалды. Яғни ЛГБТ адамға қарсы заң қабылда не, қабылдама не, алатын су алады екен. Сондықтан, топан судың алдын алудың “ЛГБТ насихатына” қарсы әрекеттен басқа жолын қарастыру керек-ақ!
Екіншіден, 2017 жылы Ресейден отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыссыздандыру (декриминализация) жасауды көшіріп алдық. Содан кейін Ковид кезінде карантин болды. Нәтижесінде отбасыда зорлық-зомбылық шарықтап, ажырасу саны бойынша Қазақстан әлем бойынша екінші орынға бір-ақ шықты. (Ажырасу туралы жұмыс тобының тағы бір мүшесі атап өткенін ескереміз). Ақыры көшіріп алған заңымызды өзгертіп, отбасыдағы қылмысқа жауапкершілікті көбейту үшін “Салтанат заңын”[6] қабылдауға мәжбүр болдық.
- Қазбек Иса бастаған мәжіліс депутаттары ұсынған қазақ тілінің мәртебесін арттыру, барлық алаңда қазақ тілінде талқы жасауға ұмтылысты қос қолдап қолдаймыз. Өйткені, біздің жоғарыда аталған әлеуметтік зерттеуде лесбиан, бисексуал және куир әйелдер ана тілінде ақпарат аздығын 2016-2017 жылы да, 2022-2023 жылы да атап өтті.
- Алғашқы отырыста бірнеше жұмыс топ өкілі петиция авторы Бағила Балтабаеваға рахмет айтты. “Феминита” тарабынан біз де Бағила Балтабаеваға алғысымыз мол. 2021 жылға дейін бізді, көп болса, бүкіл Қазақстан бойынша 500 ЛГБТ адам мен азғантай азаматтық қоғам мен адам құқығын қорғаушы білетін еді. Бағила ханымның қажырлы еңбегінің арқасында ЛГБТ мәселесі өте жоғары деңгейде, яғни Мәдениет және ақпарат министрлігінде Мәжіліс депутаттары қатысуымен талқыға түсіп отыр. Ешбір әлеуметтік топ мұншалықты назарға іліндік деп айта алмас.
Замандас белсенді Бағиланың әлеуметтік желі парағында біздің суретіміз бен түрлі-түсті жалау көптігіне көз тұнады. Бұл, әрине, “ЛГБТ-ны насихаттау” емес. Бұл — сөз бостандығы мен пікір еркіндігі.
“ЛГБТ насихаты” деген түсінікке анықтама бер деген сұраққа тұшымды жауап болмаған соң, мынадай сұрақты талқыға ұсынамыз:
- Петиция авторы Бағила Балтабаева 2024 жылы бейбіт жиын заңына сәйкес өткізген бір адамдық пикетінде «Қазақстанда Гүлзада Сержан, Жанар Секербаева деген басты лесбиянка бар» деп жар салды. Осы әрекетті ашық ЛГБТ насихаты деп атауға болады ма?
- Алматы қаласы әкімі Курсив газетіне берген ресми жауабында[7], феминистерге бейбіт жиын жасауға рұқсат бермеу себебі — феминистер әйел құқығын жамылып ЛГБТ белгілерін дәріптеді деп жазып, оны БАҚ арқылы тарату — ЛГБТ тікелей кемсітудің ашық насихаты ма, әлде жабық насихаты ма?
- «Феминита» ұйымдастырған әйел құқығына қатысты іс-шараға қатысқан жас әйел не бойжеткен қыздардың үйіне құқыққорғау қызметінде, қала әкімдігінде, оқу-ағарту саласында істейтін кісілер уақыт бөліп барып, қыздардан түсініктеме алып, ата-анасына түсіндірме жұмысын жүргізіп «Гүлзада Сержан, Жанар Секербаева — лесбиан әйел» екенін айту ЛГБТ-ны жасырын насихаттау десек бола ма?
[1] Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінің 1-бабы, 26) неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ.
[2] Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысының 1-жалпы ережелері бойынша, 8) дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды және басқа да шектеу қойылмаған азаматтарды қоспағанда кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.
[3] Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 мамырда № 34327 болып тіркелген Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 97 бұйрығы бойынша 2-тарау — Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібінің 5-бөлігі 9) дәстүрлi емес сексуалдық бағдарды ұстанатын адам тәлімгер бола алмайды.
[4] “Бағилаға сүйінші”: Қазақстандағы лесбиан, бисексуал, куир және трансгендер әйел құқығы туралы есеп, 2023.
[5] “Серігімді сіңілім деймін”: Қазақстандағы лесбиан, бисексуал, квир-әйелдер құқығының сақталуы туралы есеп, 2016-2017.
[6] Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 72-VIII ҚРЗ.
[7] Назгуль Жарбулова. «Пропагандировали символику ЛГБТ». В акимате Алматы ответили, почему запретили феминисткам выйти на марш и митинг 8 Марта. Курсив. 5 марта 2024.
Позиция и рекомендации Казахстанской феминистской инициативы “Феминита”
Попытки остановить, запретить ЛГБТ, устроить гетто, закрыть рот, лишить нас наших голосов, свободы, достоинства уже повторяются и проводятся не первый год. И тот факт, что до сих пор не было введено никаких поправок, говорит о том, что Казахстан — правовое государство, опирающееся на Конституцию.
Мы обращаем внимание на то, что Казахстан — подписант международных конвенций по правам человека, правам женщин, правам детей (например, в рамках ООН, в рамках Универсального периодического обзора (УПО)). Правительство не может просто взять и запретить группы людей по какому-либо признаку. Завтра кому-то не понравятся матери, воспитывающие детей одни, или же уйгуры или дунгане, или люди с ВИЧ. Мы будем тоже их запрещать? Образно говоря, палка всегда имеет два конца. Один ударит нас, но тут же другой конец не пощадит и вас.
Напоминаем, что петиция против ЛГБТ печально известной активистки антигендерного движения “Казахстанский союз родителей” (КСР) [8] Багили Балтабаевой нарушает правила создания петиций. Посмотрите на пункты 1 и 12. Цитируем их: “Предметом петиции не могут быть вопросы: 1) которые могут повлечь за собой нарушение прав и свобод человека и гражданина; 12) выполнения обязательств, вытекающих из международных договоров Республики Казахстан” [9]. Петиция не могла быть вообще опубликована на сайте петиций и мы будем поднимать вопросы о её легитимности.
Казахстан отчитывается в 2025 году в рамках УПО. Наша страна приняла и работает над имплементацией одной из важнейших рекомендаций №139.48, получение которой добилась именно команда “Феминиты”: “Гарантировать благоприятные условия для деятельности гражданского общества, активистских групп и правозащитников_ц ЛГБТИ (лесбиянок, геев, бисексуалов_к, трансгендерных и интерсекс) лиц”.
Как можно всерьёз рассматривать петицию в силу перечисленных правовых аргументов? “Казахстанский союз родителей” тянет Казахстан в советское прошлое — с его испытанием 500 атомных бомб в Семипалатинске, одной (!) казахской школой на весь Алматы за 70 лет тоталитарного режима, дефицитом и голодом, исключением “инакомыслия” и всего, что не подпадало под ценности Коммунистической партии.
“Казахстанский союз родителей” постоянно проводит бойкот правам женщин через запрет Закона Салтанат. Через бойкот вакцинации детей (сколько ещё смертей невакцинированных детей они добиваются?). Через запрет антибуллинговых программ детей в школах. Через запрет ювенальной системы. Через запрет ЛГБТ. Вам это не напоминает фашизм? Когда в концлагеря отправляли неугодных и ЛГБТ? Вам это не напоминает сталинизм? Когда практически делали то же самое.
Предложение запретить ЛГБТ незаконно, мы как и народ, и как этничность всегда были разными, есть и будем разными. В разнообразии кроется весь мир. ЛГБТ тоже имеют семьи и детей, которых мы тоже называем нашим будущим.
“Феминита” требует остановить рассмотрение петиции против ЛГБТ, нарушающей права человека. ЛГБТ люди — это люди, а не пропаганда!
[9] Закон Республики Казахстан О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам общественного контроля, совершенствования административных процедур.