“Бағилаға сүйінші”

Қазақстандағы лесбиан, бисексуал, куир және трансгендер әйел құқығы туралы есеп

26 сәуірде Алматыда қазақстандық феминистік бастама «Феминита» Лесбиан көріну күнін атап өтті. Бұл күні бізде жылдам танысу және лесбиандар, бисексуалдар және куир әйелдер туралы стереотиптер туралы пікірталас болды. Ең бастысы, «Бағилаға сүйінші: Қазақстандағы лесбиан, бисексуал, куир және басқа әйел құқығы туралы ЕСЕП» (қазақ тілінен аударылған) атты зерттеуімізді ұсындық. Бұл зерттеу не туралы, Бағила деген кім сияқты сұрақтар тууы мүмкін.  2020 және 2023 жылдары біз феминистік кемптер кезінде ЛБК+ қауымдастығына COVID-19 әсерін түсіну үшін екі кезеңді зерттеу жүргіздік.

Бұл зерттеу 2024 жылы Орталық Азиядағы ЛБК+ әйелдерінің құқықтары мен қажеттіліктерін анықтау үшін жоспарланған кешенді зерттеу алдында жүргізілді, сондықтан бұнда жан-жақты сұхбат жүргізілген жоқ. Оның орнына куир-феминистік бес кездесуде ЛБК+ әйелдер ұсынған тақырыптар мен мәселелер ескерілді.

Бағила деген кім? «Феминистік зерттеуші-ғылыми ортада оны антигендер деп атағанмен біз оған әйел бейнесін беріп — Бағила деп ат қойдық. Бағила — болашаққа қадам басудан, өзің көріп білмеген жерге барудан және бұрын көріп-білмеген әйелден шошып қорқу. Сондай бойын үрей алған, күдіктенген әйел бәріміздің ішімізде бар», – деп есепте тұжырымдадық.
Есептен тағы бір маңызды сөздерді келтіреміз:
«Бағилаға сүйінші — куир феминистік қозғалыс болмақ. Қазақстандағы куир феминистік қозғалысты танып білу үшін осы есепті қараңыз. Куир феминистік қозғалыстың Бағилаға көзқарасын сауалнамаға қатысқан жас лесбиан әй-елдің «Өмірімдегі сұмдық пен керемет кез соқтығысы көпке дейін соңымнан қалмайтын шығар» — деген сөзімен бердік.

Өмірдегі сұмдық – пандемия, соғыс, антигендер қозғалысы мен климат апаты десек, ал, керемет – куир феминистік қозға-лыс пен сол қозғалыс қарқындап дамып, қатайып нығаюына жан-тәнін салып зор үлес қосып келе жатқан – Қазақстандық феминист бастама «Феминита» ұжымы».

Зерттеуді «Феминита» сайтында қазақ, орыс тілдерінде оқи аласыз.

bagiazere-q.pdf

×
  • Share post

Со-основательница Казахстанской феминистской инициативы "Феминита", правозащитница.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *