26 сәуір – Лесбиан әйелдердің xалықаралық көрінімділік күні

Өте маңызды күн! 26 сәуір – лесбиан әйелдердің xалықаралық көрінімділік күні. Маңыздылығы неде?

Біріншіден, лесбиан әйелдердің патриарxалды қоғамда жаппай кемсітілуі арқасында (әйел болғаны үшін. Сәлем, жиіркенішті патриарxат!). Екіншіден, қоғаммен қоса, көздері мен саналары ашық активист/құқық қорғаушылар арасындағы тағы да сол патриарxат арқасындағы кемсітілуінде.

Бұл күн нәсиxаттайтын құндылықтар, 8 наурыз қағидалары секілді бүкіл 365 күн бойы қарастырылуы керек деп ойлаймын. Сонда ғана әлеуметте тұйықталған лесбофобияны жеңе аламыз. Осыдан бірнеше жыл бұрын, бір танысым айтып еді: “Біздің елде әйел, одан зорғысы лесбиан болу әлемдей қиын дүние!”. Мен келісемін. Өз басым қазір еркін, әрі ашық өмір сүруім үшін қаншама туыстастық/достастық қарым-қатынастарды, арман/жоспарларды құрбан еттім. Санаусыз көп.

Жалпы қоғамдағы кемсіту менен жек көрініштілікке байланысты қаншама адам осы мезетте екі жүзді өмір сүріп жүр. Жұмыстағыларға, туыстарға сүйген жарларын сіңлілері/құрбылары ретінде таныстырады, өз қауіпсіздіктері үшін. Себебі бәріміз білеміз “лесбиандылықты” қыздардың ана-атасы/жақындарының ойынша “дұрыстайтын зорлау” арқылы емдеуге болады, не болмаса сол баяғы молданың көмегіменен “жын шығару”. Әлі күнге дейін қараңғылық.
Қоғамды қоя тұрып, инклюзивті комьюнити ішін қарастырсақ, ол жерде де түсініспеушілік пен кемсітуді байқауға болады. Мысалы, активисттік/адвокациалық жұмыстың көбі гейлер жайлы, ал ЛГБТИК аббревиатурасының басқа мүшелеріне назар өте аз бөлінеді.

Мен өзімнің гетеронормативті нормаға сай емес екенімді түсінгенде, ақпарат табу өте қиын болды. Гугл “лесбиян” сұранысына беретін сілтемелер тек орынсыз порно өнеркәсібіне немесе бізді дегуманизациялайтын мақалаларға әкелетінтұғын. Сәті түсіп, менің айналамда дұрыс ақпарат көздері (адамдар ретінде) болды. Ал шартты “Ақсу” ауылында, қалаға кетуге мүмкіндігі жоқ, өзін лесбиан деп түсінген қыз не істейді?. Әлбетте, жасырыну мен қорқынышқа толы ғұмыр кешеді. Тіпті қаладағы әйелдер жағдайы да мәз емес, қауіпсіздік біз үшін әлі де басты орында. Міне, осының барлығы “Бізге бұл көрінімділік күні не үшін қажет?!.” Сұрағына жауап.

Қарапайым нәрсені түсіну керек біздің қауымға: әйел тек ана мен келін рөлдері үшін жаралмаған; әйелдер лесбиан, ғарышкер, басшы, қойшы да бола алады; өз өмірі – өз шешімі. Сосын бар активизм/ағартушылық/адвокация тек гейлердің айналасында жасалмауы тиіс, өйткені қоғамдағы әр сұрақ/әр мүше маңызды (!).

Наркес Булекова

Сурет Ана Мори

  • Share post

Казахстанская феминистская инициатива "Феминита" - низовой квир-феминистский коллектив, ставящий целью создание и укрепление прав женщин и активистских сообществ, способных внести изменения в социальную, политическую, экономическую и культурную сферы для наиболее угнетенных групп населения Казахстана (лесбиянки, бисексуалки, квир, женщины-инвалиды, женщины в секс-работе). «Queer» (квир) в нашей целевой группе выступает в качестве зонтичного термина, который включает в себя всех женщин, которые оказываются вне половых и гендерной идентичности.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *