ЛГБТИК+ жайлы шынайы әрі қисынды журналистік жұмысты қалай шығару керек?

Аннотация:

Қоғамдағы ЛГБТИК+ қауымдастығына қарсы теріс таптаурындар мен жалған нанымдарға қарсы күресудегі маңызды құралдардың бірі — бұқаралық ақпарат құралдары. Бұл курстан сіздер ЛГБТИК+ қауымдастығына қатысты тақырыптар жайлы қалай жұмыс шығарып, өз жұмыстарыңызда неліктен және қалайша «қастастық тілінен» бас тарта алатыныңыз жайлы білетін боласыздар. Бұл курс ЛГБТИК+ белсенділерінің, «қастастық тілі» сарапшыларының және медиа-сарапшылардың қатысуымен құрылған.

Бұл курс жайлы:

Бұл курс қазақ тілді және орыс тілді Қазақстан тілшілеріне арналған. Ол сіздерге ЛГБТИК адамдар жайлы жұмыс шығарып, мақала жазудағы пайдалы ресурс болып табылады. Бүкіл курс бойы сіздер «қастастық тілі» жайлы, «қастастық тілін» басқа қорғалуға тиіс тіл формаларынан қалай айыруға болатыны жайлы және өз жұмыстарыңыздағы ЛГБТИК қауымдастығына қарсы «қастастық тілімен» қалай күресуге болатыны жайлы үйренетін боласыздар. Курс «қастастық тіліне» қатысты халықаралық стандарттар мен Қазақстанның құқықтық базасын қамтиды. Сонымен қатар, ЛГБТИК қауымдастығына қатысты жұмыстарды шығарғанда дұрыс терминдер мен тіркестерді қолдану бойынша кеңестер ұсынылады. БАҚ-да ЛГБТИК қауымдастығына қатысты ең жиі кездесетін теріс таптаурындар мен жалған нанымдар жайлы біліп, олардың қауымдастық өміріне әкелетін теріс салдары жайлы үйренесіздер. Курс ЛГБТИК қауымдастығына жататын адамдар жайлы шынайы әрі қисынды жұмыстарды шығару үшін қажетті ақпараттың барлығын сіздерге ұсынады.

Мен не үйренемін?

Ең белгілі Қазақстандық БАҚ-нан алынған мысалдар негізінде сіздер ЛГБТИК адамдар жайлы жазатын тілшілердің ең жиі жіберетін қателері жайлы үйренесіздер. «Қастастық тілін» танып,  өз жұмыстарыңызда «қастастық тілін» жібермеу бойынша және оған қарсы тұру бойынша терең түсінікке ие боласыздар, сондай-ақ ЛГБТИК белсенділерінен, «қастастық тілі» мәселесі бойынша сарапшылар мен медиа-сарапшылардан БАҚ-да ЛГБТИК қауымдастығын тек жағымсыз жақтан көрсетуді қалай тоқтатып, жақсы материал жасауды үйренесіздер.

Не білуім қажет?

Курс барлық адамдарға жарайды, алайда алдын-ала журналистік тәжірибе өздеріңізге артықшылық бола алады.

Мазмұны:

1.     ЛГБТИК деген кімдер және неліктен олар жайлы (қисынды) материал шығару қажет?

2.     «Қастастық тілі» және адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттар

3.     Қазақстандық мәнмәтіндегі «қастастық тілі»

4.     Қазақстандық БАҚ ЛГБТИК жайлы қандай жұмыс шығарады?

5.     БАҚ ЛГБТИК+ жайлы материал шығарудағы тілдің рөлі

6.     «Қастастық тіліне» жалпы әрекет ету

7.     Қорытынды

This publication is wholly or partially financed by the Government of Sweden. The Government of Sweden does not necessarily share the opinions here within expressed.